Перейти к основному содержимому

Психология

Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Бұл курс болашақ маманның кәсіби сана-сезімін олардың психологиялық мәдениетін дамыту негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология бойынша теориялық білімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық және мәдени тұрғыдан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеруі қажет.

Курсты оқып үйренудің міндеттері: ғылыми психологиялық бiлiмдер негiзiн қалыптастыру; жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйеciн оқытып үйрету;адамды ic-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектiсi ретiнде зерттеу үшiн психологиялық бiлiмдсрдi ғылыми негiзде қолданa бiлуге дағдылар қалыптастыру.

Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату, сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай , өзінің жұмыс міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке жауап беруге тура келеді.Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) сізге сабақты босатуға құқық береді, дегенмен, бұл жағдайда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.

Команда курса

Фотография преподавателя #1

Тлеубаева Жансая Минасаровна

Тлеубаева Жансая Минасаровна,2002 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында дүниеге келген.2009 жылы Байқоңыр қаласында М.Әуезов атындағы орта мектепке аяқ басты.2018-2020 жылдары Қызылорда қаласында М.Шоқай атындағы IT мектеп лицейінде білім алды.Оқуының соңғы жылын 2020 жылы Қармақшы ауданы,Ақай ауылында 99 орта мектепте тәмамдады.Қазіргі таңда Қызылорда қаласында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенті.

Фотография преподавателя #2

Абдулла Бану

Абдулла Бану Абдуллақызы Қазалы ауданы Ақтан батыр ауылында 2002 жылы желтоқсанның 8-інде дүниеге келді. Қазалы ауданы Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектепте өте жақсы оқып бітірді. Қазіргі кезде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде педагогика-психология мамандығында 2 курс студенті.

Жиі қойылатын сұрақтар

Курс орыс тілінде болады ма?

Алдағы уақытта курс міндетті түрде орыс тілінде жүргізілетін болады.

Курс ақылы түрде болады ма?

Курс ақысыз

Внести в список