Перейти к основному содержимому

Философия (каз)

Запись на курс закрыта

Информация о курсе

Мақсаты: Философия теориясы және философияның негізгі даму кезеңдері туралы ғылыми білім беру, студенттерді философияның өзекті мәселелерімен және мәңгілік өз мәнін жоғалтпайтын сұрақтарымен таныстыру, болашақ мамандардың қазіргі әлемге өзіндік көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақ маман ретінде шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға көмек көрсету. Курс барысында «Философия» пәні қашықтықтан оқытылады: Пән бойынша: 13 бейнелекция, БФӨЖ қарастырылған.

Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: - философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау; - нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру; - дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу; - дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу; - мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау; - негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу; - медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау; қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу.

Требования к студентам

Курсты игеру кезінде студенттердің сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беруі тиісінше бағаланады. Сонымен қатар білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысына (БАОӨЖ) берілген тапсырмаларды орындауына да баға қойылады. Пән бойынша студенттің 2 таблица құрастыруы, 2 презентация, 1 бақылау жұмысын және 1 глоссарий орындауы қарастырылған. Берілген тапсырмаларды орындау мерзімі тапсырманың орындалуын бақылау кестесінде көрсетілген.

Команда курса

Фотография преподавателя #1

Преподаватель №1

Баярисов Режеп Уразбаевич – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы. Философия, саясаттану, мәдениеттану және дінтану пәндерінен сабақ жүргізеді. 80-нен астам ғылыми мақалалардың авторы. Еңбек стажы – 32 жыл.

Фотография преподавателя #2

Преподаватель №2

Мырзапайзова Гульшат Уразбековна 2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-н бітірген. 2020 жылдан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы. 20- дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

Часто задаваемые вопросы

Вопрос №1

Ответ №1.

Вопрос №2

Ответ №2.