Перейти к основному содержимому

Технология хлебопекарного производства

Запись на курс закрыта

NOT 3303 «Нан өндірісінің технологиясы»

Курстың мақсаты: Ғылыми жетістіктерді және алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибені есепке ала отырып «Нан өндірісінің технологиясы» курсының бағдарламасы шикі заттарды қабылдаудан бастап, нан өндірісінің ретімен технологиялық процестерінің операциясы жөнінде түсінік беру үшін құрастырылды. Курстың мазмұнында нан өндірісінің жеке сатысында жүретін процестер, олардың жартылай фабрикат және дайын нанға тигізетін әсері, нанның сапасын жақсартудың әдістерімен жолдары және оның тағамдық құндылығы және тағамдық қауіпсіздігі жөнінде айтылады. Курстың бағдарламасы қызыққан тұлғаға, студенттің оқу үрдісін жоспарлау негізінде қызмет ете алады. Сонымен қатар «Наубайхана өндірісінің технологиясы» курсынан білім алу наубайхана өндірісі технологиясының жеке сұрақтары бойынша әдеби көздерді терең және жетік үйренуге; осы аймақтағы ғылыми, өндірістік және практикалық мәселердің сұрақтарын шешуге мүмкіндік туғызады.

.

Требования к студентам

Құрметті студенттер курсты аяқтау үшін сізге берілген тапсырмаларды орындау қажет, тест тапсырмаларын және үй тапсырмасының барлығын қосқанда 50 пайыз жинауларыңыз керек

Команда курса

Байысбаева Меруерт Пернебаевна

т.ғ.к., Алматы технологиялық университетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының доценті. Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл. Жарық көрген 80-нен астам ғылыми және әдістемелік жұмыстары, оның ішінде 1 өзінің жеке «Нан өнімдерінің технологиясы», 2001 ж, 28 б.п тұратын оқулығы, 1 авторлармен бірігіп «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» 2013 ж. 39,5 б.п. оқулығы, 1 «Наубайхана өндірісінде қолданылатын шикізаттар мен материалдар» оқу құралы, 1 монография «Нан өндірудің инновациялық технологиясы»және «Нан, макарон және кондитер өндірістері технологиясы» оқу-әдістемелік жұмыстары бар. «Способы производства хлеба» ҚР № 15734. 14.05.2005ж, «Способы производства хлеба и хлебобулочных изделий» ҚР № 15752. 14.05.2005ж ҚР 2 патенті және 1 ҚР 26704. 15.03.2013, бюл. №03, «Способ производства слоеных лепешек» ҚР инновационный патенті және ҚР. 16.11.2015, № 30580. бюл. №11. «Способ производства слоеного теста» 1 ҚР патенттерінің иесі.

курс ақылы ма?

Вопрос №1

Ответ №1.

Вопрос №2

Ответ №2.