Перейти к основному содержимому

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы

Запись на курс закрыта

Онлайн-курстың сипаттамасы

Оқу курста Еңбек құқығының, қолданыстағы заңнама нормаларын қолданудың жалпы қағидаттарын; еңбек құқықтық қатынастар саласындағы теориялық және тәжірбиелік сипаттағы заңи мәселелерді талдау және шешу. Еңбек құқықтағы заңды фактілерді кәсіби тұрғыдан дұрыс талдау. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген және жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қағидаларды, рәсімдерді және нормативтерді білу.

Еңбек шарттарын жасау мен шарт ережелерінің орындалу тәртібін анықтау бейімдерін белгілеу. Еңбек ұйымдарының қызметін заңи қамту бойынша рәсімдерді орындау қабілетін, әр-түрлі деңгейдегі құқық нормаларының еңбек дауларына қатысты мәселелерді шешу дағдысын белгілеу, заңи және өзге де құжаттарда кәсіби қызметтің нәтижелерін дұрыс және толық көрсету; әртүрлі құқықтық актілерді талқылай алу, заңмен тікелей реттелмеген, бірақ оған қайшы келмейтін қатынастарға қолданыстағы заңнама нормаларын қолдану, өз бетінше еңбек саласындағы шарттардың мазмұнын белгілеу.

Еңбек құқығы курсы бойынша, алған білімін тәжірбиеде шығармашылық тұрғыдан көрсете білу; алған білімдерін нақты ұсыныстарға айналдыру; біліктілігін өз бетінше жетілдіру, білімін толықтыру және жаңа үғымдар мен қабілеттерді игеру; ақпаратты алу, өңдеу және оны сыни тұрғыдан талдау, қорытындылар мен тұжырымдар жасай білу, мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын іздеу және кәсіби міндеттерін іске асырумен байланысты шешімдер қабылдау, зерттеу жұмысын жүргізу.

Еңбек құқық нормаларын және оның сипатын, сондай-ақ ол нормаларға талдау жасау. Нақты өмірлік жағдайларда азаматтық құқықтың нормаларын қолдану және нормативтік құқықтық актілердің мәнін түсіну. Еңбек құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңес беру, әр-түрлі құқықтық актілерге түсініктеме беру.

Оқу курсы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы туралы білімді қалыптастыру, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын зерттеу. Аталмыш курсты оқытуы барысында видеодәрісте, мульте-медиялық материалдар қолданылады. Оқу курсты аяқтаған соң сіз өздеріңіздің еңбектік құқықтық сауаттылығыңызды арттырып және еңбек құқықтарыңызды қорғайды деген сенімдемін.

Тыңдалушыларға қажетті дайындық деңгейі

Бұл курсты игеру үшін тыңдалушылар құқықтану мамандығы бойынша оқытылған пәндердің көлемінде құқықтық дайындыққа ие болуы керек. Курс құқықтану мамандығы бакалаврдың 2 оқу жылына арналған. Курс құқық негіздерін меңгерген студенттерге, құқықтану мамандығының магистранттарына, ҚР Еңбек құқығы пәнін жүргізетін оқытушыларға, персонады басқару қызметінің мамандарына арналған біліктілігін арттыру бағдарламасы негізінде қосымша кәсіби білім бағдарламасын игерген басқа пәндердің оқытушыларына арналған.

Курс командасы

Фотография преподавателя #1

Бекенова Анар Берденовна

заң ғылымдарының кандидаты, доцент

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

ОББ-ға сәйкес курстың типі қандай?

Жалпы кәсіби