Перейти к основному содержимому

Бұлттық технологиялар

Курс жөнінде мәлімет

Курста бұлттық технологиялар жөнінде жалпы түсінік қарастырылып, «бұлттық технологиялар», «бұлттық сервистер», «бұлттық есептеулер», «тұмандық есептеулер» ұғымдарына анықтама беріледі. Сондай-ақ, мәліметтерді өңдеу орталығы, бұлттық есептеу модельдерінің негізгі сипаттамалары, бұлттық сақтау қорлары, бұлттық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері және олардың қауіпсіздігі, даму перспективалары мен тенденциялары, BigData-ны бұлттық жүйеде баптау әдістері, бұлттық есептеулердің AaaS, HaaS, DaaS, MaaS, TaaS секілді бизнес-үлгілері, бұлттық технологиялардың білім берудегі рөлі мен тиімділігі қарастырылады. Windows Azure платформасы мен Google Apps for Education платформасын қолдану мүмкіндіктері, виртуалды машиналар жөнінде баяндалады.

Тыңдаушыға қойылатын талаптар:

Пәнді меңгеру нәтижесінде тыңдаушы:

- бұлттық технологиялардың негізгі ұғымдары мен терминологиясын;

- бұлттық технологиялардың қолданылу салаларын;

- бұлттық технологияларды қолдану тұжырымдамасын;

- бұлттық есептеудің негізгі принциптерін білуі тиіс.

Сонымен қатар, тыңдаушы курсты игеру нәтижесінде әртүрлі платформаларды пайдалана отырып бұлттық жүйелерге арналған қосымшалардың жұмыс істеу қағидаттары мен әдістерін, бұлттық жүйелердің бағдарламалық жабдықтарын пайдалана білуі, бұлттарда орналастырылатын қосымшалармен, файлдармен жұмыс жасай алуы керек.

Курсты дайындаушы жөнінде мәлімет

Досжанов Баянәлі Амантайұлы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Внести в список