ЕТІСТІК

Құрметті қатысушылар!
Қазақ тіл білімінің ең маңызды салаларының бірі – етістік. Етістік сөз табы сөйлемде қимылды, іс-әрекетті, қозғалысты, түрлі құбылыстарды білдіріп, ойды жеткізудің негізгі құралы болып табылады. Тіліміздің байлығы мен көркемдігін танытатын да, сөйлемге жан бітіретін де осы етістіктер.
Бұл курс барысында сіздер етістіктің табиғаты, түрлері, грамматикалық категориялары туралы терең мағлұмат аласыздар. Теориялық білімді іс жүзінде бекітіп, түрлі жаттығулар мен шығармашылық тапсырмалар орындайсыздар. Сонымен қатар, өз ойларыңызды еркін жеткізіп, жазба және ауызша сөйлеу дағдыларыңызды жетілдіресіздер.
Біздің басты мақсатымыз – етістікті дұрыс қолданып, қазақ тілінде сауатты да мәнерлі сөйлеуге үйрету. Ендеше, білімге деген ынтамызды арттырып, бірге ізденіп, үлкен нәтижеге жетейік!❤️