Әбсатова Анар Нұржігітқызы
Студент, админ
«Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» курсы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік және әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық әдістер мен технологияларды меңгертеді. Курс барысында тыңдаушылар баланың жас ерекшелігіне сай тіл дамыту, диалог және монологты сөйлеуді қалыптастыру, ойын арқылы коммуникацияны белсендіру, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас түрлерін дамыту тәсілдерімен танысады.
Сонымен қатар қатысушылар инклюзивті ортада коммуникацияны қолдау, ата-аналармен және әріптестермен тиімді әрекеттесу, балада коммуникативтік қиындықтар байқалған жағдайда түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын үйренеді. Курс теория мен практиканы ұштастыра отырып, нақты жағдаяттар, ойындық жаттығулар, әдістемелік материалдар және презентация мен видео материалдар арқылы жүргізіледі.
Мектепке дейінгі педагогика негіздері туралы жалпы түсінік болуы; Баланың жас ерекшеліктері психологиясы және мектепке дейінгі даму кезеңдері жөнінде базалық білімнің болуы; Қазақ тілінде еркін, түсінікті сөйлеу және педагогикалық терминологияны меңгеру.
Студент, админ
студент
|
Шымбергенова НұрайСтудент |
|
Мырзағали Самал КенжебекқызыСтудент |
Ответ №1. Курс Мектепке дейінгі ұйымда жұмыс жасайтын тәрбиешілерге. Жоғары оқу орнында оқитын білім алушыларға. Ата -аналарға
Ответ №2.Сөйлеуді және қарым-қатынасты дамыту әдістерін қолдана алады. Ойын технологияларын тиімді ұйымдастырады.Балалардың коммуникативтік дамуын бағалай алады.