Перейти к основному содержимому

Компьютерлік желілер

Запись на курс закрыта

Курс туралы

Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады. Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.

Курстың мақсаты:

Компьютерлік желілер түрлерін және оларды құрастыру тәсілдерін оқып білу. Магистранттарға компьютерлік желілер жөнінде теориялық білім беру, желілік технологияларды қолдану практикасын меңгерту. Интернет және мультимедиалық технологиялардың мүмкiндiктерiмен таныстыру, олардың даму перспективасын түсiндiру.

Күтілетін нәтижелер:

Осы курсты оқығанда магистранттар:

- компьютерлік желілер құрылымдарын үйреніп, жергілікті желілер технологияларын және оларды қолдау түрлерін меңгереді;

- желілерді ұйымдастыра және басқара алады;

- кәсіби қызметінде желілік құралдарды, мультимедиалық технологияларды қолдана алады;

- түрлі желілік орталарда жұмыс жасау әдістерін, Интернетте ақпарат іздеу және жинақтау жолдарын біледі;

- әртүрлі желілік құралдарды, қолданбалы бағдарламаларды, оқу үдерісінде қолдануға қабілетті болады;

- компьютерлік желілер мен мультимедиалық технологияларды қолданудың нәтижелерін бағалайды.

Фотография преподавателя #2

Курс авторы

Аманова Еңлік Төлентайқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс магистранты.