Перейти к основному содержимому

Персоналды басқару

Запись на курс закрыта

КУРС ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Курсты оқыту персоналды басқару туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, сонымен қатар персоналды басқару жүйесіне енетін шаралар кешенін жүзеге асыру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Басқарушылық пәндер жүйесінде «Персоналдарды басқару» курсы маңызды орын алады. Өйткені, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуына, бәсекенің күшеюіне қарай персоналдарды басқару сұрақтары менеджмент жүйесінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын болады.Кез-келген кәсіпорынның тиімді дамуының негізі белгілі бір қажеттіліктері, мотивациялары мен нақты шарттары бар адамдар болып табылады.

Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарама-қайшылықты жою жолдарын іздеу, персоналды басқару жүйесіне енетін барлық қызмет түрлерін мүмкіндігінше жүзеге асыру фирманың экономикалық стратегиясын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Персоналды басқару – бұл қызметi нарықтық қатынастар жағдайында ресурстарды ұтымды пайдалану жолымен пайда табуға бағытталған шаруашылық қызметтiң кез-келген сферасындағы кәсiпорынды кәсiби басқару түрi.

Персоналды басқару бойынша жинаған білім мен түсінігін көрсете білу

Алған білім мен түсінігін кәсіби деңгейде ұйымдағы персоналмен жұмыс жасау барысында, ұйымның даму стратегиясын және жоспарын жасау барысында қолдана алу

Найманова Алтынай Орынбаевна

Фотография преподавателя #1

Найманова Алтынай Орынбаевна

Алматинский технологический университет,кафедра "Экономика и менеджмент"