
Оңталап Жансая
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ-ның 3-курс студенті
Бұл курс мектеп алды даярлық тобындағы балалардың танымдық қабілеттерін жан-жақты жетілдіруге арналған. Басты мақсат – баланың ойлау, зейін, есте сақтау, қиялдау сияқты маңызды дағдыларын дамыту арқылы оны мектеп өміріне сәтті дайындау. Сабақтар ойын түрінде өтетіндіктен, балалар ақпаратты қызығушылықпен және оңай қабылдайды. Курс барысында балалар түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы логикалық ойлауын шыңдайды. Зейінін шоғырландыру үшін графикалық диктанттар мен "Ненің өзгерді?" сияқты жаттығулар қолданылады. Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында тақпақтар жатталып, "Memory" ойындары ойнатылады. Сонымен қатар, ертегі құрастыру және сурет салу арқылы баланың шығармашылық әлеуеті ашылады. Бағдарлама соңында бала заттарды салыстырып, талдай алатын, өз ойын еркін жеткізетін және оқуға психологиялық тұрғыдан дайын болады. Бұл оның мектеп табалдырығын сеніммен аттап, оқу үдерісіне тез бейімделуіне зор ықпал етеді.
Ең алдымен, бала қарапайым ойлау дағдыларын меңгеруі керек. Ол қоршаған ортадағы заттарды танып, олардың қасиеттерін салыстыра алуы тиіс. Мысалы, пішіндерді, түстерді, көлемдерді ажыратып, ұқсастығын немесе айырмашылығын таба білуі қажет. Сонымен бірге балалардың есте сақтау қабілеті мен зейініне талап қойылады. Олар қысқа әңгімелерді тыңдап, мазмұнын айтып беру, өлеңдер мен санамақтарды жаттап айту дағдыларын меңгеруі тиіс. Сұрақтарға дұрыс жауап беру және өз ойын қарапайым сөйлемдермен жеткізе білу де маңызды талаптардың бірі. Баланың сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасуы қажет. Танымдық дағдыларды дамыту үшін балаларға логикалық тапсырмалар, салыстыру, топтастыру, ойынды ережеге сай ойнау дағдылары беріледі. Осы талаптардың барлығы баланы мектеп өміріне бейімдеп, оның оқуға қызығушылығын арттырады. Мектепалды даярлықтағы басты мақсат – баланың білім алуға дайын, ойы сергек, зейінді және өзін еркін көрсете алатын тұлға болып қалыптасуы.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ-ның 3-курс студенті
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ-ның 3-курс студенті
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ-ның 3-курс студенті
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ-ның 3-курс студенті
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу БББ-ның 3-курс студенті
Сабақтар ойын, шығармашылық тапсырма, топтық жұмыс және әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Әр сабақ баланың жас ерекшелігіне сай 25–30 минутқа созылады.
Баланың мектепке дайындығын арттырады; Танымдық дағдыларды ойын арқылы дамытады; Әр балаға жеке көзқарас қарастырылған; Қызықты әдістемелік құралдар пайдаланылады; Шығармашылық пен ойлау қабілеттерін жетілдіреді.