Перейти к основному содержимому

Химия

Запись на курс закрыта

Химия

Пәннің қысқаша сипаттамасы: - «химия» - 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)» мамандығының білім беру бағдарламасындағы міндетті компонент. Химияның теориялық негіздерін қарастырады; ХЭПЖ және элементтер атомдарының құрылысын; химиялық байланысын; бейорганикалық қосылыстардың қасиеттерін және классификациясын, соның ішінде комплексті қосылыстардың; химиялық реакциялардың жүруінің кинетикалық және термодинамикалық заңдылықтарын; ерітінділердің жалпы қасиеттерін; электролиттік диссоциацияның, гидролизді, ТТР және электрохимиялық үрдістерді; элементтер және олардың қосылыстарының химиясын қарастырады.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент

Білуі тиіс: химияның теориялық негіздерін, заттың құрылысын, молекуладағы химиялық байланысты, химиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикалық тепе-теңдік, химиялық процесстердің ерітінділерде жүруінің жалпы заңдылықтары, ерітінділердегі химиялық процесстер, элементтердің және олар-дың қосылыстарының химиялық қасиеттерін.

Жасай алуы тиіс: химиялық есептеулер техникасын меңгеру және зертханалық эксперименттің берілгендері негізінде алынған байқалатын фактілерді қорытындыла; химиялық реакциялардың кинетикалық және термодинамикалық мінездемелерін есептеу, олардың жүру мүмкіндігін және бағытын болжау; химиялық қосылыстардың синтездеуін жүргізуін, бөліп алу және анықтау әдістемесін негізден таңдау.

Дағдылануы тиіс: оқу әдебиетімен өз бетінше жұмыс, химия-лық экспериментті жоспарлау және өз бетінше жүргізу, оның нәтижелерін сараптау; теориялық және есептеулік тұрғыдағы химиялық есептерді шығару, бейорганикалық заттармен жұмыс істеу.

Құзырлы болуы тиіс: химиялық процесстердің жүруі, берілген қасиеттерімен химиялық қосылыстардың синтезі; заманауи бейорганикалық химияның органикалық заттар технологиясы өңіріндегі жетістіктері, экологиялық қауіпсіздік облысында кәсіптік қарым-қатынас және ақпараттық іздеу.

Курстың авторы

Фотография преподавателя #1

Алмагамбетова Сауле Тулегеновна

Кандидат технических наук, доцент ВАК