Перейти к основному содержимому

3-Сынып. Қазақ тілі. “ТІЛ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ”

Пән атауы: Қазақ тілі Сыныбы: 3-сынып Бөлімі: Тіл және сөйлеу Пәннің мақсаты: Оқушылардың тіл туралы түсінігін кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу дағдыларын

«Қазақ тілі» пәнінің «Тіл және сөйлеу» бөлімі 3-сынып оқушыларына арналған және оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында балалар тілдің адам өміріндегі рөлін, оның қарым-қатынас құралы ретіндегі маңызын түсінеді. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ой алмасатынын, білім мен мәдениетті жеткізетінін ұғынады. Оқушылар ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерімен танысып, оларды күнделікті өмірде қолдануға машықтанады. Сөздерді дұрыс айту, сөйлемдерді сауатты құрастыру, мәтінді мазмұндау және өз ойын жүйелі жеткізуге үйренеді. Сонымен қатар, тыңдау, түсіну, сұрақ қою және жауап беру сияқты тілдік әрекеттерді дамытады. Курстың мазмұны сөз, сөйлем, мәтін ұғымдарын меңгертуге, сөздік қорды байытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Әдеби тіл нормаларын сақтау, әдепті сөйлеу, қарым-қатынаста сыпайылық танытуға ерекше көңіл бөлінеді. Курсты меңгеру нәтижесінде оқушылар өз ойын анық әрі түсінікті жеткізе алатын, сауатты жазатын, мәдениетті сөйлейтін дәрежеге жетеді. Бұл дағдылар олардың болашақтағы оқу жетістіктеріне негіз болады..

Курс барысында балалар: • тіл және сөйлеу ұғымдарымен танысады; • ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерін біледі; • сөздерден сөйлем құрап, мәтін құрастыруға машықтанады; • сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Нәтижесінде оқушылар ана тілін құрметтеуге, сауатты сөйлеуге, тыңдаушыны сыйлап ойды анық жеткізуге үйренеді.

Оқушыларға қойылатын талаптар • Сабаққа белсенді қатысу, тапсырмаларды уақытылы орындау; • Қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуде сауаттылықты сақтау; • Өз ойын жүйелі, түсінікті жеткізе білу; • Сыныптағы пікірталас пен топтық жұмыстарға қатысу, жолдастарының ойын тыңдай білу; • Оқулықтағы және қосымша материалдардағы мәтіндерді дұрыс, мәнерлеп оқу; • Жаңа сөздерді сөздік қорына енгізу және оларды сөйлеуде қолдану; • Қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын сақтау.

Курсты меңгеруге қойылатын талаптар Бұл курсты табысты игеру үшін оқушыда мынадай бастапқы білімдер мен дағдылар болуы қажет: • Қазақ тіліндегі әріптерді, дыбыстарды және олардың дұрыс айтылуын білу; • Дыбыстық талдау мен буындық талдау жасай алу; • Жай сөйлем құрастыра білу және оны жазбаша жеткізе алу; • Қарапайым мәтіндерді мәнерлеп, дұрыс оқи алу; • Жазу барысында сөйлемді бас әріптен бастап, соңына тыныс белгісін қоя білу; • Тыңдаған немесе оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, қысқаша әңгімелеп беру дағдысы; • Қазақ тілінде күнделікті қарым-қатынас жасауға қажетті қарапайым сөздік қорының болуы..

Команда курса

Фотография преподавателя #1

Мырзахан Гүлсезім

"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-курс студенті

Фотография преподавателя #2

Шаймарданова Бахтигуль

"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-курс студенті

Фотография преподавателя #2

Шынболат Нұрай

"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-курс студенті

Часто задаваемые вопросы

Часто задаваемые вопросы

Курс неге жауап береді?

Оқушының тіл туралы алғашқы ғылыми түсініктерін қалыптастырады.

Курстың басты мақсаты?

Оқушылардың тілдік қарым-қатынас құралы ретіндегі маңызын түсінуіне жағдай жасау, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға және мәдениетті сөйлеуге үйрету.

Внести в список