Перейти к основному содержимому

Былғары -үлбір өндірісінің технологиялық жабдықтары

Курстың қысқаша сипаттамасы

Қазіргі кездегі былғары-үлбір және тұрмыстық қызмет көрсету өндірістері үшін әртүрлі технологиялық мүмкіндіктері бар аяқ киімді және үлбір тігу жабдықтары көптеп пайда болуда. Былғары-үлбір өндірісінің жабдықтарының номенклатурасы бойынша, технологиялық операциалардың орындау түрлеріне, машиналардың конструктивтік құрылысы, басқарылу негізіне байланысты алуан түрлі. Былғары-үлбір бұйымдарын өндірудің технологиялық процесстері, оларды орындауға арналған жабдықтардың құрылысын, оларды құрайтын құрылымдардың негізін анықтайды. Қолданылатын процесстің мақсатына, операцияны орындау тәсіліне, сонымен қатар өңделетін бұйымның пішіні мен мөлшеріне, сипатына байланысты жоғары өнімді, сапалы, өндіру уақыт шығыны аз болатын алуан түрлі, тиімді жабдықтар жасалуда. Бұл пәнде шет елдерде шығарылатын түрлі фирмалардың заманауи жабдықтарының түрлері, класстары, олардың қолданылу аймақтары және ерекшеліктері қарастырылған.

Пәнді оқыту мақсаты

Былғары – үлбір өндірісінің технологиялық жабдықтарының механизмдерін және технологиялық машиналардың номенклатурасын, технологиялық операциялардың орындау түрлерін, машиналардың конструктивті құрылысын оқып үйрену. Машина жұмыстарының қағидаттарын, механизмдердің өзара байланысын, оларды реттеу және жөндеу жұмыстарын меңгеру.

Авторлар туралы

Кандидат Мейрамгул

БТТҚ кафедрасының лекторы, техника ғылымдарының магистрі

Кандидат Мейрамгул
Внести в список