
Қалилла Нұрай
"Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-ші курс студенті
«Дүниетану» пәні – бастауыш сынып оқушыларының табиғатпен, қоғаммен, адам өмірімен танысуына жол ашатын ең негізгі пәндердің бірі. Бұл пән балалардың қоршаған орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырады, олардың ойлауын дамытады, бақылау жасауға, сұрақ қоюға, жауап іздеуге үйретеді. Дүниетанудың басты мақсаты – оқушының айналасындағы өмірді танып-білуіне, табиғат құбылыстарын түсінуіне, адам мен табиғат арасындағы байланысты сезінуіне жағдай жасау. Бұл курста оқушылар табиғаттың жанды және жансыз бөліктерін ажырата біледі, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін бақылайды, маусымдық өзгерістерді байқай алады. Сондай-ақ, күн, ауа, су, жер сияқты табиғаттың маңызды құрамдас бөліктерімен танысады.Оқушылар қоғам өмірінің қарапайым ережелерімен де танысады. Адамдардың еңбегі, мамандықтар, отбасындағы, мектептегі, көшедегі тәртіп ережелері, туған жерді сүю, табиғатты қорғау сияқты тақырыптар дүниетану курсының негізгі мазмұнын құрайды. Бұл білім балалардың дұрыс мінез-құлық қалыптастыруына, үлкенді сыйлауға, еңбектің қадірін білуге тәрбиелейді.Пәннің тағы бір маңызды мақсаты – оқушыны зерттеуші ретінде дамыту. Мұғалімнің көмегімен олар тәжірибе жасайды, табиғат құбылыстарын бақылайды, сурет салады, кестелер мен схемалар арқылы білімдерін бекітеді. Әр сабақта балалар ойлануға, салыстыруға, талдауға, қорытынды жасауға үйренеді. «Дүниетану» сабағы бастауыштағы барлық пәндермен байланысты. Мысалы, математикада алған білімдерін өлшеу, санау үшін қолданады, қазақ тілінде үйренген сөздерін табиғат құбылыстарын сипаттауға пайдаланады, бейнелеу өнерінде табиғатты бейнелейді. Осылайша дүниетану курсы баланың жан-жақты дамуына көмектеседі.Бұл пән арқылы оқушылар туған жердің табиғатын, Қазақстанның байлығын, халықтың салт-дәстүрін таниды. Баланың туған еліне деген сүйіспеншілігі артады, табиғатты қорғау сезімі қалыптасады. Қорыта айтқанда, дүниетану пәні – бастауыш білімнің негізгі тірегі. Ол баланы қоршаған ортамен таныстырып қана қоймайды, сонымен бірге ізденімпаздыққа, ойлау қабілетін дамытуға, табиғатты сүюге, туған елін қастерлеуге тәрбиелейді. Сондықтан бұл курс бастауыш мектептегі ең маңызды пәндердің бірі болып саналады.
Мазмұны: Табиғат, қоғам, адам еңбегі, туған жер мен қоршаған орта туралы білім береді. Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, табиғатты қорғауға, елін сүюге тәрбиелеу. Міндеті: Негізгі ұғымдарды меңгерту, бақылау жасауға үйрету, ойлау қабілетін дамыту, дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Сабаққа толық дайындықпен келу. Қажетті оқу құралдарын әкелу. Үй тапсырмасын уақытында орындау. Мұғалімді және сыныптастарын тыңдау. Сабақ үстінде рұқсатсыз сөйлемеу. Қол көтеріп сөйлеу. Тапсырмаларды уақытында орындау. Белсенділік таныту. Өз әрекетіне жауап беру. Топтық жұмыс кезінде әділ болу. Бір-бірінің пікірін тыңдау. Сыныптастарға көмектесу.
"Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-ші курс студенті
"Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-ші курс студенті
"Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-ші курс студенті
"Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" БББ-ның 3-ші курс студенті
Бізді айнала қоршап тұрған табиғат пен адам жасаған заттардың жиынтығы.
Адамнан тысқары өмір сүретін дүние, қоршаған орта. Ол Жер, Су, Ауа, Күн, Ай, Жұлдыз, Жануарлар, 0сімдіктер, Тау, Теңіз сияқты барлық тірі және өлі құбылыстардың жиынтығы.