Перейти к основному содержимому

«Философия» пәні бойынша дәріс курсы

Запись на курс закрыта

Философия пәні бойынша негізгі дәрістер жинағы

Философия - бұл адам өмірінің ең терең және іргелі сұрақтарына ұтымды рефлексия арқылы жауап беру әрекеті. Курста ізгілік, ұтымдылық, даналық, білім, жақсы өмір, әділ қоғам, тілдің табиғаты және т.б. сынды философия тарихының іргелі тақырыптары мен тұжырымдамалары қарастырылады. Өмірдің мәні неде? Адамдар шынайы бақыт пен қанағат сезіміне қалай қол жеткізе алады? Неліктен біз адамгершілікті болуымыз керек? Адамдарда жан бар ма, әлде біз физикалық тұрғыдан күрделі ағзалармыз ба? Өлімнен кейінгі өмір бар ма? Өлместік деген не? Біз нені біле аламыз және оны қалай білеміз? Бұл курс студенттерге осы және өзге де мәңгілік мәселелерді қарапайым әрі сыни тұрғыдан түсіну және түсіндіру мүмкіндігін ұсынады.

Курстың мақсаттары мен міндеттері:
• Тыңдаушыларға философияның табиғаты мен философиялық ойлау дағдыларын түсінуге, сонымен қатар философияның мамандандырылған бөлімдерін зерттеуде өз білімдері мен дағдыларын дамытуға және қолдануға мүмкіндік беру;
• Тыңдаушылардың әртүрлі философиялық сұрақтары мен теорияларға қатысты дәлелдерді тұжырымдау және бағалау арқылы сыни ойлау және философиялық ойлау дағдыларын дамыту;
• Курс индуктивті тәсілді қолдай отырып, тыңдаушыларға «философияны үйренуден» гөрі «философиямен шұғылдануға» немесе «философиялық пайым жасауға» дағдыландыруды көздейді;
• Тыңдаушылардың ойлау және ойлану дағдыларын дамытуға ерекше назар аудара отырып күнделікті жағдайларды және жеке адамдар мен топтар проблемаларын оңтайлы шешу үшін дамыту қажеттілігін қолдайды; .

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Берілген мәтінді оқып, өз тарапыңыздан мәтіндік талдау, терминдік талдау жасаңыз.

Команда курса

Фотография преподавателя #1

Нұрадин Гулхан Болатқызы

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, филос.ғ.к., доцент