Перейти к основному содержимому

Басқару жүйелерінің сенімділігі

Курс жөнінде ақпарат

Курс 5В070200 "Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару" мамандығының студенттеріне арналған. Бейіндік пәндерді таңдау компоненты циклына кіреді және мамандық модуліне енеді. Оқыту деңгейі - бакалавриат. Кредиттер саны - KZ: 3; ECTS: 5. Пән екі модульден тұрады: Модуль №1. Басқару жүйелерінің сенімділігінің көрсеткіштері. Модуль №2. Басқару жүйелерінің сенімділігін бағалау.

Студенттерге қойылатын талаптар

Пәнді игеру үшін келесі пәндердің оқу материалдары негіз болады: «Ақпараттық-өлшеу жүйелері», «Автоматика элементтері мен құрылғылары» және «Технологиялық өлшеулер мен құралдар». Пәнді игеру нәтижелері келесі пәндерді оқуда көмегін тигізеді: «Типтік технологиялық үрдістер мен өндірістерді автоматтандыру», «Автоматтандыру және басқарудың жеке-дара жүйелері», «Автоматтандырылған жобалау жүйелері». Пәндегі қарастырылатын мәселелер өндірістік және диплом алды іс-тәжірибелер мазмұнында дамытылады және дипломдық жобаның (жұмыс) есептеу бөлімінде орын алады. Әрбір қарастырылатын тақырып бойынша ұсынылған әдебиет және ақпарат көздерімен жүйеленген өзіндік жұмыс жасау курсты сәтті игерудің міндетті шарты болып саналады. Курстағы берілген бақылау сұрақтарға көңіл бөліп, жауап іздеу және тесттік сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы теориялық және практикалық материалды жетік меңгеру мақсаты көзделген.

Курсты жүргізуші

Фотография преподавателя #1

Тургенбаев Досжан Нұрмағамбетұлы

"Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару" кафедрасының аға оқытушысы

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Пән тек қана автоматты басқару жүйелерінің сенімділігіне тиісті оқу материалын қамтиды ма?

Жауап: Пәннің мазмұны автоматты басқару жүйелерімен қатар ақпараттық жүйелер мен желілердің сенімділіктері және басқа да техникалық жүйелердің пайдалану сенімділіктері жөніндегі материалдарды қамтиды.

Сұрақ: Пән материалында қандай озық технологиялардың сенімділігі қарастырылады?

Жауап: Автоматтандырудағы сымсыз шешімдер, оның ішінде Smart Wireless сымсыз технологиясы. Сымсыз технология негізіндегі SCADA жүйелері.

Внести в список