Перейти к основному содержимому

Компьютерлік жүйелердің интерфейсі

Курс жайлы ақпарат

Курстың мақсаты:

Компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені туралы ұғымдар (ақпарат). Интерфейстердің анықтамасы. Интерфейстер өзектілігі. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстарын қарастыру. Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен бағдарламалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің рөлі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әртүрлі салаларында қолданылады. Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің бағдарламалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтердің, социологтердің және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы мәселелерді толығымен, жан-жақты қарастыру қажет. Пайдаланушылық және бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс. Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану қағидаларын негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді: - пайдаланушының клиенттік бағдарламамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі; - клиенттік машина мен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейс; - сервердің шеттік бағдарламамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі. Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface) пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады. Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандай да бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамасыз ететін, аппаратты-бағдарламалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу хаттамаларының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-дің кез келген периферийлік құрылғысының әртүрлі сипаттамалар жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық үдерісор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу хаттамасы және қосылудың конструктивті артықшылықтары. Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы жергілікті қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамасыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс мәселесінің маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитеті (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді. Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру қағидалары бар. Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструктрлық қызметте, оқу үдерістерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен біліктілігі әртүрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуалдауды талап етеді. Интеллектуалдауда адам мен есептеу жүйесі (ЕЖ) арасында интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс. “Адам-компьютер” интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі 2 есепті қарастыру қажет: - ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру; - сұхбаттың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас рәсімдерін қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру. Соның салдарынан, адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі - пайдаланушы-оператордың қызметін құрылымдауға және кез келген адам-машиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезіндегі пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен бағдарламалық қамтама талаптарын біркелкі ету. Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы рөлі мен орнын қарастырайық. Оператордың рөлі әртүрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын үдерістің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғарғы деңгейдегі ішкі жүйе жетекшілері мен операторларын нұсқаулары әсер етеді. Жоғарғы деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару үдерісіне араласа алады.Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау рәсімдері ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курсқа жазылу үшін, электронды мекен-жайыңызды жазыңыз.

Курсты ұйымдастырушылар

Оқытушы суреті

Оқытушы №1 Бисембаева Базаркул Мұратовна

Өмірбаяны

Бисембаева Базаркүл Мұратқызы 1991 жылы тамыз айының 28 – нші жұлдызында Қызылорда облысында дүниеге келген. Отбасында 4 ағайынды. 1998 жылы Қызылорда облысы №120 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 1 «А» сыныбына қабылданды. 1999 жылы облыстық ана тілінен мәнерлеп оқу сайысынан І орын алғаны үшін марапатталды. 2003 жылы облыстық білім басқармасы мен Қызылорда қазақ – түрік ер және қыз балалар лицейлері ұйымдастыруымен өткен логикалық олимпиададан өте жақсы нәтижеге жеткен. «Ауыл болашағы білімді жастар қолында » облыстық пәндік бақылау жарысында жоғары балл жинады. Облыстық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы оқушының білім деңгейін арттыру, интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында математика пәні бойынша өткізілген олимпиадада үздік білімін көрсетті. 2007 жылы «қызыл аттестат » иегері. 2009 жылы ҰБТ- дан жоғары 107 балл жинап, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ- ға «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқуға грант негізіне түсті. Университетішілік іс – шараларға, жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2012 жылы 27 қаңтарда ВТПО – 09-1 оқу тобының студенті Бисембаева Базаркүл Мұратқызы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттерінің ең үздік ғылыми жұмыстары байқауында ІІ – орын алғаны үшін марапатталды. 2012 жылы 12 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 75 жылдығына орай өткізілген «Студенттердің ғылыми – инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары атты 14(68) ғылыми конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2013 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын үздік дипломмен аяқтады. 2013 жылдан бастап «Болашақ» Университетінің колледжінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқытушы қызметін атқарып келеді. Бисембаева Базаркүл Мұратқызы білімді, білікті, жан-жақты ізденімпаз маман ретінде қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін көтеріп, курстарға қатысып отырады және өз сабақтарында жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушыларды қызықтырады, қоғамдық жұмыстарды атқаруда белсенділік танытады. 2013 – 2015 оқу жылдары колледжаралық өткізілген ғылыми - тәжірибелік конференцияда Бисембаева Базаркүл Мұратқызы І орынды иеленді. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми конференцияда сертификатпен марапатталды. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі сапаны арттыру» , «Международный опыт внедрения дуального обучения» сертификаттарымен, «Flash технологияларын және Action Script бағдарламалау тілдерін пайдалана отырып, балаларған араналған танымдық электронды журналды дайындау» атты мақала «Педагогикалық ізденіс» журналына жарияланды,«НҰР ОТАН ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» алғыс хатымен, облыстық «баскетбол» жарысынан І орын, облыстық ғылыми – тәжірибелік конференцияда І орын, Университет пен колледж арасында ұйымдастырылған «Эстафета» сайысынан үздік ойын көрсеткені үшін Болашақ Университеті Ректорының алғыс хатымен марапатталып,“Білім берудегі инновациялық процестер” V Республикалық конференцияға қатысып, мақала жинаққа шықты. 2013-2015 оқу жылдары «Ақпараттық желілер»,«Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер», «Бағдарламалау» пәндерінен оқу - әдістемелік кешен дайындаған. 2015 жылы 1 қыркүйекте Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжіне «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының арнайы пән оқытушысы болып қабылданды. 2015 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласының «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты IX Республикалық оқытушылар сайысында жүлделі І - орынды иеленді. 2016 жылы 26 қаңтарда оқытушыларға арналған «Педагогикалық қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалану» атты ресейлік олипиадада І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы 28 ақпанда Бисембаева Базаркул Муратовнаның жетекшілігімен облыстық ғылыми жобалар сайысында студенті Жүнісова Құлпынай Жүнісқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы 29 ақпанда Топ жетекшілері арасында өткізілген «Кәсіби шығармашылық» сайысында Бисембаева Базаркул Муратовна І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы 4 наурызда облыстық волейбол турниріне белсене қатысқаны үшін Бисембаева Базаркул Муратовна алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы 15 наурызда Бисембаева Базаркул Муратовнаның жетекшілігімен «Ғылым шарайнасы» атты Республикалық ғылыми жобалар сайысында студенті Жүнісова Құлпынай Жүнісқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылдың 27 маусымында «Үздік мұғалім-2016» атты колледжішілік сайыста жүлделі І орынды иеленді. 2017 жылы Болашақ медицина колледжінде Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты облыстық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференцияда М-21 оқу тобының студенті Махмұт Аружан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016-2018 оқу жылдарында Көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжінде директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі мекемесінің білім беру және колледжде кәсіптік білім берудің сапасын арттыруда белсенділік танытады және ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасау шеберлігімен, педагогтармен тіл табыса білу қабілетімен көзге түседі. Колледж оқушыларының тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға аса назар аударады. Өз оқу тобымен бірге колледж ішінде және колледжден тыс өткізілетін әртүрлі ғылыми конференцияларға, жарыстарға, конкурстарға белсене араласып, оның оқушылары көптеген жетістіктерге жетіп, алғыс хат, марапаттарды иеленуде. 

align="left" style="margin:0 20 px 0" alt="Оқытушы суреті #2">

Оқытушы №2 Досжанов Баянәлі

Оқытушы өмірбаяны

Досжанов Баянәлі Амантайұлы 1974 жылы 9 тамызда туылған. №161 «Ынтымақ» орта мектебінің 1991 жылғы түлегі. 1992 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің физика-информатика мамандығына оқуға т.сіп, 1996 жылы бітірді. 1996-2000 жылдар аралығында аталған университеттің «Информатика» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2001-2004 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды. Аспирантураны бітіргеннен кейін, 2005-2008 жылдар аралығында университеттің оқу-әдістемелік басқармасының бас әдіскері, қашықтықтан оқыту және мамандарды қайта даярлау орталығының директоры, 2008-2010 жылдары инновациялық технологиялар және оқу процесінің жоспарлану бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары оқу-әдістемелік басқарма бастығы, 2012-2013 жылдар аралығында академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, 2013 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың ұараша айына дейін оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 2016 жылдыңқараша айынан бастап, үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқытуы факультетінің деканы. 2007 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, 2011 жылы доцент ғылыми берілген. 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры міндетін атқарушы қызметіне сайланған. 7 оқу құралы, 60-тан астам мақалалары жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылы жариялаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы. 2008 жылдан бастап 21 ғылым магистрін дайындады. Институт директоры: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Досжанов Баянәлі Амантайұлы. Үздіксіз және қашықтықтан оқыту институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен (28.08.2019 ж. №1 хаттама) Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультетінің негізінде құрылды.

Жиі қойылатын сұрақтар?

1) Аталмыш курста қандай интерфейстер қарастырылады?

Жауап №1 Аталмыш курста компьютердік жүйелер интерфейсі туралы толық мағлұмат берілетін болады.

2) Әртүрлі деңгейлердегі интерфейстер қалай ерекшелінеді?

Жауап №2 Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды бағдарламалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым-қатынастың салттық түрінен басқа тілдік сұхбат пен қарапайым тілдегі сұхбаттар жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі - қолданбалы бағдарламаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау үдерістерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология негізгі орын алады.Осымен ерекшеленеді.

Внести в список