Перейти к основному содержимому

Физика -1 курсы жайында ақпарат

Әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының негізінде физикалық принциптер мен концепциялар жатыр. Физика жаратылыстанудың іргетасын құрайды. Екінші жағынан, ол теориялық база болып саналады және онсыз техникалық ЖОО бітіруші маманның инженерлік-техникалық шығармашылығында жетістікке жетуі мүмкін емес.

«Физика» ғылымы негізінде білім берудің формалары: табиғаттағы физикалық процесстердің фундаментальдық ұғымдары және оларды айқындайтын тәсілдері мен әдістері, қазіргі заманғы физика мен классикалық физиканың теоремалары мен заңдары, олардың негізгі принциптері; бақылау көрсеткіштерін рационалды есептеу және физикалық зерттеудің әдістері.

Студенттерге қойылатын талаптар:

– физикалық құбылыстар негіздерін, фундаменталдық ұғымдарды; қазіргі заманғы физика мен классикалық физиканың теориялары мен заңдарын функциялық зерттеудің әдістерін білу; – қазіргі заманғы физикалық ойлану және ғылыми көзқарастарды білу; – классикалық және қазіргі физиканың теорияларын, заңдарын олардың өзара ішкі байланыстарын, біртұтастығын т.б. көріністерінің негізгі мән-мағынасымен таныстыру, сондай-ақ болашақ инженерлер үшін физикалық ұғымдар мен құбылыстарды және олардың заңдарын игеріп, белгілі жағдайда тиімді пайдалана білу; –кәсіби мәселелерді шешудің негізі болып табылатын физика пәнінің әр түрлі салаларына қатысты мәселелерді (теориялық және эксперименталдық оқу мәселесі) қолдана білу.

Курс командасы

Фотография преподавателя #1

Спабекова Роза Спабекқызы. 1993 жылдан осы уақытқа дейін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Техникалық мамандықтарға арналған жоғары математика және физика» кафедрасында доцент қызметін атқарамын.2016 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.

Внести в список