Перейти к основному содержимому

2023 Саясаттану, Мәдениеттану (Әлеуметтік-саяси білімдер - 2)

Запись на курс закрыта

Курс жайлы ақпарат

Саясаттану және Мәдениеттану пәндері «Әлеуметтік-саяси білімдер – 2» модулінің құрамында 1-апта мен 15-апта аралығында аралас форматта оқытылады. Бұл пәндер бойынша лекциялар «Төңкерілген сынып» форматында берілген. Видеолекцияларға сілтемелер курстың құрылымдық мазмұнында силлабусқа сәйкес тақырып бойыша көрсетілген. 1-8 апталарда «Саясаттану» пәні, ал 9-15 апталарда «Мәдениеттану» пәні оқытылады. Саясаттану пәні бойынша: 8 видеолекциялар, 12 семинар, 3 СӨЖ тапсырмалары қарастырылған. Яғни, студенттер өз бетінше берілген тапсырмаларды орындайды. Мәдениеттану пәні бойынша: 7 лекция, 11 семинар, 3 СӨЖ тапсырмалары қарастырылған. Яғни, студенттер өз бетінше берілген тапсырмаларды орындайды. .

Саясаттану пәнінің мақсаты мен міндеттері: Қоғам, саясат жайлығылыми негізделген, дәйекті теориялық білімберу, студенттер санасында саясиұғымдық ақпаратты қалыптастыру арқылы студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін жетілдіру. Әлемдегі саяси жағдайлар мен Қазақстандағы саяси процестерді ұғынып, бағдарлай алуға, қоғам мен саясат жайлы өзінің дәйекті азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету. Мәдениеттану пәнінің мақсаты мен міндеттері: Әлемдік мәдениет пен өркениет контексінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігінің мәнін ұғындыру, мәдениет морфологиясын, тілін, семиотикасын, мәдениет анатомиясын зерделеуді қалыптастыру. Ұлттық кодын сақтау және жаңғырту қажеттілігіне сай отандық мәдениетті түсіндіру, қазақ халқының мәдени мұрасын игеру стратегиясын меңгеру мақсатында өзгермелі және мультимәдени қоғамда кәсіби біліктілікті қалыптастыру. Студенттердің бойында адамзаттың мәдени жетістіктері туралы білімдердің, мәдениет дамуының және қалыптасуының негізгі заңдылықтары мен формаларын түсіну мен игеруді қалыптастыру. Саясаттану пәні бойынша бағалар 4,6,8 апталарда, ал Мәдениеттану пәні бойынша бағалар 10,12,14 апталарда мәліметтер базасына пайыздық мөлшермен 0-100% балдық-рейтингтік көрсеткіш бойынша қойылады. Оқу процесін бақылап-тексеру үшін Саясаттану пәні бойынша 8-ші аптада бірінші аралық бақылау (АБ 1), Мәдениеттану пәні бойынша 14-ші аптада екінші аралық бақылау (АБ 2) өткізіледі. Саясаттану пәні бойынша 4,6,8 апталардағы, Мәдениеттану пәні бойынша 10,12,14 апталардағы максималды балдардың қорытындысы бойынша аралық бақылаудың жинақ балы - 30 балды ( 100%-ға дейін) құрайды. Тапсырмаларды бағалау – бақылау кестесіне сай жүргізіледі. Екі пән бойынша қорытынды бақылау формасы – тест.

Студенттерге қойылатын талаптар

Cтудент семинар сабақтарына қатысуға, сабаққа кешікпей келуге міндетті. Әр аптадағы семинар сабақтарына студент оқытушы тарапынан әзірленген видеолекциялар, презентациялар, лекция конспектілерін және силлабуста берілген негізгі, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, тыңғылықты дайындалуы тиіс. Силлабусқа сәйкес студент университеттің ресми «LMS-Сириус» порталына орындаған СӨЖ тапсырмаларын белгіленген уақытқа сай (Deadline) жіберіп тұру міндетті. Уақыт өтіп кеткеннен кейін орындалып, тапсырылған тапсырмалар қабылданбайды және орындалған болып есептелмейді. Толық интеграцияланған баға студент барлық сабақтарға қатысып, тапсырмаларды толық орындаған жағдайда ғана қойылады.

Курс командасы

Фотография преподавателя #1

Оқытушы №1

Алтынбекова Зағипа Тұрарбекқызы «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, дінтану магистрі. 2002 ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін үздік бітіріп шықты. 2002-2005 жж. Алматы облысы, Талғар ауданы № 26 орта мектептің «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы. 2005 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Философия және саясаттану» факультетіне «Дінтану» мамандығы бойынша магистратуға түсіп, 2007 ж. «Дінтану» магистрі академиялық дәрежесімен үздік бітіріп шықты. 2007-2008 жж. аталған университеттің «Философия және саясаттану» факультетінің «Философия және ғылым методологиясы» кафедрасының ассистенті; 2010-2013 жж. «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының оқытушы қызметін атқарды. 2013 ж. қыркүйек айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушы қызметін атқаруда. 30 ғылыми мақаланың авторы. Жалпы педагогикалық стаж – 20 жыл, оның ішінде жоғары оқу орында – 15 жыл.

Фотография преподавателя #2

Оқытушы №2

«Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы 2011 жылы философия мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетін, ал 2013 жылы аталмыш университетінің «Философия» мамандығы бойынша магистратураны үздік тәмамадап шықты. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап ТарМУ-дың «Философия және саясаттану» кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс істеп келеді. Ғылыми зерттеулерінің бағыты: Қазақстандағы гендерлік стратификацияның этно-ұлттық ерекшеліктері. 25 ғылыми мақалаларының авторы.